Профи-бокс
12 наурыз 2018 11:43
 
Қанат Исламның інісі кәсіпқой бокстағы бірінші кездесуінде жеңіске жетті

  Пікірлер

blog.share

Қанат Исламның інісі кәсіпқой бокстағы бірінші кездесуінде жеңіске жетті

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Қанат "QAZAQ" Исламның інісі кәсіпқой бокстағы дебюттік жекпе-жегінде жеңіске жетті, – деп хабарлайды Qsport.kz порталы.

Отандасымыз Қанат Исламның інісі Ерлан кәсіпқой бокстағы алғашқы жекпе-жегін нокаутпен бастады. Бұл туралы боксшының бапкері Сағатбек Мұсаханов өзінің инстаграммдағы парақшасында жазды. Ол өз сөзінде: «Қанат Исламның інісі, менің шәкіртім кәсіпқой бокстағы алғашқы жекпе-жегінде жеңіске жетті. Ерлан Пекинде өткен бокс кешінде қарсыласын 2 раундта нокаутпен ұтты», – деді Сағатбек Мұсаханов.

Айта кетейік, Сағатбек Мұсаханов кәсіпқой бокстағы болашағынан үлкен үміт күттіретін Али Ахмедов, Еділ Қоамбердиев сынды боксшылардың бапкері.

Жарнама

Живи спортом!