Орта салмақтағы қазақстандық боксшы Қанат Исламның (28-1, 22 KO) кәсіпқой бокстағы келесі кездесуі қайда өтетіні айтылды, деп жазады Vesti.kz тілшісі.
Қазіргі уақытта Ислам Окснард (Калифорния штаты) қаласында Роджер Романың қол астында дайындық жұмыстарын өткізуде. Дереккөздің ақпараты бойынша, Исламға АҚШ, Колумбия және Мексика жерінде жекпе-жек өткізу туралы ұсыныс түскен.
Еске салайық, Ислам соңғы кездесуін Плант-Сити (Флорида штаты, АҚШ) қаласында ақпан айында өткізді. Ұлыбританиялық Джимми Келлиге (26-2, 10 КО) қарсы өткен айқаста отандасымыз төрешілердің 95-95, 96-94, 97-93 есебімен ұтылып қалды. Бұл оның карьерасындағы бірінші жеңілісі болды.