Профи-бокс
6 қыркүйек 2017 14:50
 
Қанат Исламның қарсыласы қазақстандық бокс туралы: Геннадий Головкиннен басқа ешкімді білмеймін

  Пікірлер

blog.share

Канадалық кәсіпқой боксшы Брэндон Кук (18-0-0, 11 КО) Қанат Исламмен (24-0-0, 19 КО) өтетін жекпе-жектің алдында арнайы баспасөз конференциясында журналистерге Қазақстанға қандай мақсатпен келгенін айтып берді, - деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

"Астанада өтетін бокс кешіне қатысуға шақырғанына алғысымды білдіремін. Сіздердің елде таңғажайып адамдар тұрады екен. Жекпе-жекке қатысты айтар болсам, мен бірінші рет шет елде жекпе-жек өткізгелі тұрмын. 9 қыркүйекте не болатынын көреміз. Бұл бокс. Мен кездесуге дайынмын", - деді Кук.

Канадалық боксшы Қанат Исламмен келісімшарт жасасқанға дейін қазақстандық бокс туралы тек Геннадий Головкинді білетінін айтады.

"Қазақстандық бокс туралы не білемін? Геннадий Головкинді білемін. Сонымен бітті. Ал өзімнің қарсыласым туралы не айтуға болады. Шаршы алаңға шығып, жұдырықтаспағаннан кейін, ол туралы бірдеме айту қиын. Барлығы рингке шыққаннан кейін белгілі болады.

Еске салайық, 9 қыркүйекте Астанада бокс кеші өтеді. Қазасқтандыө Қанат Ислам мен канадалық Брэндон Кук арасындағы жекпе-жек сол кештің басты кездесуі болып саналады. Бокс кешіне қатысатын спортшылар тізімімен мына жерден таныса аласыз.

Жарнама

Живи спортом!