Профи-бокс
4 сәуір 2018 11:30
 
Қанат Исламға міндеттелген қарсылас франциялық боксшыдан жеңіліп қалды

  Пікірлер

blog.share

Қанат Исламға міндеттелген қарсылас франциялық боксшыдан жеңіліп қалды ©:Жеңіс Ысқақбай

WBA тұжырымы Қанат Исламмен жекпе-жек өткізуге міндеттеген Джон Вера (18-0, 11 KO) франциялық Мишель Сородан (31-2-1, 21 KO) жеңіліп қалды, – деп хабарлайды Qsport.kz порталы.

Қанат «QAZAQ» Ислам (25-0 20 KO) мен Джон Вера (18-0, 11 KO) бірінші орта салмақ дәрежесіндегі чемпиондық белбеуден басты үміткерлердің бірі болатын. Қос спортшы өзара мықтыны анықтап, қай жеңгені чемпиондық белбеудің міндетті қарсыласы болуы керек еді. Дегенмен  екі боксшының командасы келісімге келе алмай, Вера франциялық Мишель Соромен (31-2-1, 21 KO) жекпе-жек өткізіп, 12 раунд қорытындысы бойынша жеңіліске ұшырады. Мишельдің бұл жеңісі отандасымыз Қанат Исламды WBA тұжырымының жаңартылған рейтингінде бір сатыға төмендетіп, өзі 1-орынға жайғасты.

Айта кетейік, Қанат Ислам жақында 2017 жылдың ең үздік менеджері Эгис Климаспен келісімшартқа отырған болатын. Ол Қанат Исламды тек үлкен жекпе-жектер күтіп тұрғанын айтты. Ал отандасымыз Американың Калифорния штатында жаттығу жұмыстарын бастап кетті.

Жарнама

Живи спортом!