Профи-бокс
20 желтоқсан 2017 17:24
 
Қанат Ислам WBO рейтингінде екінші орынға көтерілді

  Пікірлер

blog.share

Қанат Ислам WBO рейтингінде екінші орынға көтерілді

Бірінші орта салмақта WBO NABO және WBA Inter-Continental нұсқалары бойынша әлем чемпионы Қанат Ислам (25-0, 20 КО) Бүкіләлемдік бокс кеңесінің (WBO) жаңартылған рейтингінде бір саты жоғары көтерілді, деп хабарлайды Vesti.kz порталы. 

WBO жаңартылған рейтингінде Қанат Ислам бір саты жоғары көтеріліп, екінші орынға жайғасыпты. Рейтингтің көшін британдық Лиам Смит бастап тұр. Үшінші орында WBO (International) белбеуінің иегері, ресейлік боксшы Магомед Кубонов орналасқан. 

Еске салайық, Қанат Ислам соңғы кездесуін 9 қыркүйек күні елордамыз Астана қаласында өткізіп, канадалық Брэндон Кукты (18-1, 11 КО) тоғызыншы раундта техникалық нокаутпен жеңді. Осылайша отандасымыз WBO NABO және WBA Inter-Continental белбеулерін сақтап қалды.

Қараша айының соңында Бүкіләлемдік бокс кеңесі (WBA) Қанат Ислам мен осы салмақта рейтингте екінші тұрған америкалық Джон Вера арасындағы кездесудің өтуін міндеттеген еді. Бұл кездесуде жеңіске жеткен боксшы чемпионнның міндетті қарсыласы болады. Екі боксшының командасында жекпе-жекті ұйымдастыруға 30 күн бар. Кері жағдайда кездесу бәссаудаға қойлады.

Жарнама

Живи спортом!