Профи-бокс
22 қаңтар 2018 11:02
 
Қанат Ислам WBO рейтингінде бір саты төмен түсіп қалды

  Пікірлер

blog.share

Қанат Ислам WBO рейтингінде бір саты төмен түсіп қалды ©:Atameken Business Channel

Бірінші орта салмақта WBO NABO және WBA Inter-Continental нұсқалары бойынша әлем чемпионы Қанат Ислам (25-0, 20 КО) Бүкіләлемдік бокс ұйымының (WBO) жаңартылған рейтингінде бір саты төмен түсіп қалды, деп жазады Vesti.kz порталы. 

Бүгін Бүкіләлемдік бокс ұйымының (WBO) жаңартылған рейтингі шықты. Жаңа рейтингі бірінші орта салмақта өнер көрсететін отандасымыз Қазан Ислам бір саты төмен түсіп, үшінші орынға жайғасыпты. 

Ал рейтингтің көш басында британдық боксшы Лиам Смит келе жатыр. Екінші орынға ресейлік Могамед Курбанов көтерілген. 

Еске салайық, Қанат Ислам соңғы кездесуін 9 қыркүйек күні елордамыз Астана қаласында өткізіп, канадалық Брэндон Кукты (18-1, 11 КО) тоғызыншы раундта техникалық нокаутпен жеңді. Осылайша отандасымыз WBO NABO және WBA Inter-Continental белбеулерін сақтап қалды.

Қараша айының соңында Бүкіләлемдік бокс кеңесі (WBA) Қанат Ислам мен осы салмақта рейтингте екінші тұрған америкалық Джон Вера арасындағы кездесудің өтуін міндеттеген еді. Бірақ кеңестің жекпе-жекті ұйымдастыруға берген уақыты аяқталды. Дегенмен әлі кездесу туралы ешқандай жаңалық жоқ. 

Жарнама

Живи спортом!