Қанат Ислам WBO чемпиондық белбеуі үшін жекпе-жек өткізетін болды
25 ақпан күні орта салмақта өнер көрсететін отандасымыз Қанат Ислам (28-0, 22 KO) өзінің келесі кездесуін өткізетін болды, деп жазады Vesti.kz тілшісі.
25 ақпан күні орта салмақта өнер көрсететін отандасымыз Қанат Ислам (28-0, 22 KO) өзінің келесі кездесуін өткізетін болды, деп жазады Vesti.kz тілшісі.
Рroboxpromotions.us ақпараты бойынша, қазақстандық боксшы Плант-Ситиде (Флорида штаты, АҚШ) өтетін жекпе-жек кешінде жұдырықтасады. Оның қарсыласы әлем чемпионы белбеуіне үміткер болған Ұлыбритания елінің өкілі Джимми Келли (25-2, 10 КО) болады.
ProBox Promotions промоутерлік компаниясы бұл айқаста орта салмақта WBO Global белбеуі сарапқа салынатыны туралы ақпаратты да таратты.
Қанат Исламның чемпиондық жекпе-жегі өтпеуі мүмкін
Еске салайық, бұл бокс кеші негізі 21 қаңтар күні өтуі керек еді. Бірақ коронавирустық шектеулерге байланысты кейінге шегерілді.
Айта кетейік, Қанат Ислам өзінің соңғы кездесуін 2021 жылдың 20 ақпанында Майамиде (Флорида штаты, АҚШ) өткізіп, жетінші раундта техникалық нокаутпен эквадорлық Джейсон Миндадан (14-5-1, 8 КО) үстем болды.
Жарнама