Профи-бокс
29 қазан 2017 16:16
 

Қанат Ислам WBA рейтингінде көш бастады

  Пікірлер

blog.share

Қанат Ислам WBA рейтингінде көш бастады Қанат Ислам. © roundbyroundboxing.com

Қазақстандық боксшы Қанат Ислам Бүкіләлемдік бокс кеңесі рейтингінде (WBA) көшбастады, - деп хабарлайды Vesti.kz.

blog.share

Қазақстандық боксшы Қанат Ислам Бүкіләлемдік бокс кеңесі рейтингінде (WBA) көшбастады, - деп хабарлайды Vesti.kz.

"Қуан, қазақ! Қанат Ислам WBA рейтингінде 1 орынға шықты", - деп жазылған Берік Сұлтанның Instagram желісіндегі парақшасында.

Еске салайық, Қанат Исламның командасы филиппиндің Мэнни Пакьяомен 2018 жылы наурызда жекпе-жек өткізу жоспары екенін айтқан еді.

Айта кетейік, Қанат Ислам соңғы кездесуін 9 қыркүйек күні елордамыз Астана қаласында өткізіп, канадалық Брэндон Кукты (18-1, 11 КО) тоғызыншы раундта техникалық нокаутпен жеңді. Осылайша отандасымыз WBO NABO және WBA Inter-Continental белбеулерін қорғап қалған еді. Ал филиппиндік боксшы соңғы рет 2 шілде күні Аустралияда жекпе-жек өткізіп, Джеф Хорннан жеңілген еді.

Қанат Ислам мен Мэнни Пакьяоның командасы жекпе-жек туралы келісімге келсе, отандасымыз филиппиндік боксшымен жұдырықтасқан екінші қазақ болады. Мэннимен алғашқы жұдырықтасқан қазақ боксшысы - Серік Ешмағамбетов. 2003 жылы Манилада өткен жекпе-жекте Пакьяо жеңіске жеткен. Дегенмен Серік те қарсыласын бір рет нокдаунға түсірген.  


Жарнама

Живи спортом!