Профи-бокс
15 желтоқсан 2017 14:41
 
Қанат Ислам келесі кездесуін қашан өткізетінін айтып берді

  Пікірлер

blog.share

Қанат Ислам келесі кездесуін қашан өткізетінін айтып берді Қанат Ислам. ©: roundbyroundboxing.com

Бірінші орта салмақта WBO NABO және WBA Inter-Continental нұсқалары бойынша әлем чемпионы Қанат Ислам (25-0, 20 КО) Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қолынан "Құрмет" орденін алғаннан кейін әсерімен және алдағы жоспарымен бөлісті, деп жазады Vesti.kz порталы. 

- Мен бірінші рет Елбасының қолынан сыйлық алып отырмын. Сол үшін де өте қуаныштымын. Мұндай атаққа қол жеткізгенім мен үшін үлкен құрмет. Елбасы алдағы уақытта бұдан да үлкен жетістікке жететініме сенетінін айтты. Әр спортшының басты мақсаты - жеңіске жетіп, елдің атағын шығарып, бүкіл әлемге қазақтың көк тутын көтеру. Мен мақсаттарымен жоспарым көп. Оның бірі - өсіп келе жатқан жас қазақ балаларына үлгі болу. 

- Келесі кездесуіңізді қашан өткізесіз?

- Қазір менің келесі кездесуімнің мәселесі шешіліп жатыр. Жақын арада АҚШ-қа жол жүріп, наурыз айына дейін бір кездесу өткіземін. Содан соң біз мамыр айында Астанада елодамыздың 20-жылдығына орай бір кездесу өткізу ойда бар. Осы кездесулерге дайындалып жатырмын. 

Еске салайық, бүгін Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қанат Исламды "Құрмет" орденімен марапаттады. "Құрмет" ордені 1993 жылы бекітілген болатын. "Құрмет" ордені экономика, әлеуметтік салаларда, ғылым мен мәдениет, білім беру, мемлекетітк органдардағы үлгілі қызметі мен қоғамдық жұмыстарға белсенді араласқан азаматтарға беріледі. Орденнің дәрежелері жоқ.

Айта кетейік, қараша айының соңында Бүкіләлемдік бокс кеңесі (WBA) Қанат Ислам мен осы салмақта рейтингте екінші тұрған америкалық Джон Вера арасындағы кездесудің өтуін міндеттеген еді. Бұл кездесуде жеңіске жеткен боксшы чемпионнның міндетті қарсыласы болады. Екі боксшының командасында жекпе-жекті ұйымдастыруға 30 күн бар. Кері жағдайда кездесу бәссаудаға қойлады.

Қанат Ислам соңғы кездесуін 9 қыркүйек күні елордамыз Астана қаласында өткізіп, канадалық Брэндон Кукты (18-1, 11 КО) тоғызыншы раундта техникалық нокаутпен жеңді. Осылайша отандасымыз WBO NABO және WBA Inter-Continental белбеулерін сақтап қалды.

Жарнама

Живи спортом!