Профи-бокс
22 мамыр 2018 09:28
 
Қанат Ислам келесі кездесуін Головкиннің бұрынғы қарсыласымен өткізуі мүмкін

  Пікірлер

blog.share

Қанат Ислам келесі кездесуін Головкиннің бұрынғы қарсыласымен өткізуі мүмкін elorda.info

Бірінші орта салмақтағы WBO NABO, WBA-NABA және WBA Inter-Continental белбеулерінің иегері Қанат Исламның (25-0, 20 КО) келесі қарсыласы америкалық Габриэль Росадо болуы мүмкін, деп хабарлайды Vesti.kz порталы. 

Жекпе-жек 23 маусым күні Атланта (Джорджия штаты, АҚШ) қаласында өтеді. Бұған дейін Исламның қарсыласы жапониялық Йошихиро Камегаи (27-4-2, 24 КО) болуы мүмкін екені де айтылған болатын. 

Еске салайық, Росадо 2013 жылдың қаңтарында екінші бір отандасымыз Геннадий Головкинмен кездескен болатын. Ол кезде америкалық боксшы жетінші раундта техникалық нокаутпен жеңіліп қалды. 

Қанат Ислам болса соңғы кездесуін өткен жылдың қыркүйек айында өткізіп, канадалық Брэндон Куктан (20-1, 13 КО) айласын асырды. Ал кейін The Ring журналының нұсқасы бойынша 2017 жылы үздік менеджер атанған Эгис Климаспен келісімшарт жасады. 

Жарнама

Живи спортом!