Кеше ғана намибиялық Уолтер Каутондокваны жеңген қазақстандық боксшы Қанат Ислам соңғы төрт раундта сынған қолмен жұдырықтасқан. Бұл туралы Vesti.kz порталына боксшының командасы айтты.
26 қазанда Алматыда Балуан шолақ атындағы спорт сарайында өткен бокс кешінің басты кездесуінде боксшылар WBO International белбеуі үшін жекпе-жекке шықты. 10 раундқа созылған жекпе-жек қорытындысы бойынша, төрешілер жеңісті (97-92, 97-92 және 99-92) Қанат Исламға берді. Кездесудің бесінші раундында қазақстандық боксшы қарсыласын нокдаунға түсірді. Кездесудің толық видеосын мына жерден көре аласыздар.
Боксшы командасының өкілдері жетінші раундтан бастап Қанат Ислам жекпе-жекті шынашағы сынғанына қарамастан жұдырықтасқанын айтады. Сол себепті ол қарсыласына ауыр соққы дарыта алмаған. Жекпе-жектен соң боксшы қолына гипс салған.