Профи-бокс
14 шілде 2017 15:33
 
Қанат Ислам IBO рейтингінде 19 саты жоғарылады

  Пікірлер

blog.share

Қанат Ислам IBO рейтингінде 19 саты жоғарылады

Халықаралық бокс ұйымы (IBO) рейтингісінің жаңартылған нұсқасы жарияланды. жаңартылған тізім бойынша бірінші орта салмақтағы WBO NABO және WBA Inter-Continental тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Қанат "QAZAQ" Ислам (24-0, 19 КО) 19 саты жоғарылады, деп хабарлайды Vesti.kz порталы. 

IBO-ның жаңа тізімінде Қанат Ислам 51-інші орыннан 32 орынға көтерілді. Жартылай орта салмақтағы Жаңқош Тұраров 88-інші орынға орналасты.

Ал Иса Ақбербаев үш саты төмен түсіп, 34-інші орынға орналасса, Мадияр Әшкеев 99-шы орынмен үздік 100 боксшының арасына қосылды. 

Айта кетейік, қазіргі уақытта Қанат Ислам Алматы маңындағы AIBA академиясында жаттығу жұмыстарын өткізіп жатыр. Отандасымыз келесі кездесуін 9 қыркүйек күні Астана қаласында өткізеді. 

Еске салайық, Қанат Ислам өзінің соңғы кездесуін 26 мамыр күні мексикалық Норберто Гонсалеске қарсы өткізіп, 12 раундтың қорытындысы бойынша төрешілердің шешімімен жеңіске жетті. Сөйтіп орта салмақтағы WBO NABO және WBA Inter-Сontinental тұжырымы бойынша чемпиондық белбеулерін жеңіп алды. Қазіргі уақытта отандасымыздың еншісінде 24 кездесу бар және боксшымыз оның барлығында жеңіске жеткен. 19 кездесуде ол қарсыластарын нокаутқа жіберген.

Жарнама

Живи спортом!