Профи-бокс
17 сәуір 2018 15:39
 
Қанат Ислам Чарло және "Канеломен" кездесуге дайын екенін айтты

  Пікірлер

blog.share

Қанат Ислам Чарло және "Канеломен" кездесуге дайын екенін айтты Сурет Қанат Исламның әлеуметтік желісіндегі парақшасынан алынды.

Кәсіпқой бокста бірінші орта салмақта өнер көрсететін отандасымыз Қанат Ислам (25–0, 20 КО) америкалық Джермалл Чарло және мексикалық Сауль "Канело" Альвареспен кездесуге дайын екенін айтты, деп жазады Vesti.kz порталы. 

Қазіргі уақытта "QAZAQ" Окснард (АҚШ, Калифорния штаты) қаласында дайындық жұмыстарын өткізіп жатыр. Отандасымыздың дайындығының біріне ESNews телеарнасының тілшісі Эли Секбах келіп, кішігір сұқбат құрыпты. 

- Қанат, сіздің кәсіпқой бокстағы көрсеткішіңіз керемет 25 кездесудің барлығында жеңіске жеткенсіз ...

- Маған мықты қарсылас беріңіздерші (күліп)

- Сіз Джермал Чарло немесе "Канеломен" жұдырықтасар ма едіңіз?

- Иә, Екеуімен де кездесуге дайынмын. 

- Ал Головкинмен ше?

- Ол 160 фунтта өнер көрсетеді ғой. 

- Сіздің келесі жекпе-жегіңіз жуырда өтеді ме? 

- Иә! 

Еске салайқы, Қанат Ислам жақында 2017 жылдың ең үздік менеджері Эгис Климаспен келісімшартқа отырған болатын. Ол Қанат Исламды тек үлкен жекпе-жектер күтіп тұрғанын айтты. 

Отандасымыз соңғы кездесуін 2017 жылдың 9-қыркүйегінде Астана қаласында өткізіп, канадалық Брэндон Куктан (19-1, 12 КО) айласын асырып, WBO NABO және WBA Inter-Continental белбеулерін қорғап қалды.

Жарнама

Живи спортом!