Профи-бокс
27 мамыр 2017 17:13
 
Қанат Ислам BoxRec порталының рейтингінде 27 сатыға жоғарылады

  Пікірлер

blog.share

Қанат Ислам BoxRec порталының рейтингінде 27 сатыға жоғарылады ©boxingscene.com

Бірінші орта салмақтағы WBO NABO және WBA Inter-Continental тұжырымдары бойынша әлемнің жаңа чемпионы Қанат "QAZAQ" Ислам (24-0, 19 КО) өзінің кезекті жекпе-жегінен кейін BoxRec порталының рейтингінде 24 сатыға жоғарылады, деп жазады Vesti.kz порталы. 

Еске салайық, 27 мамыр күні АҚШ-тың Бока Ратон қаласында өткен жекпе-жекте отандасымыз мексикалық Норберто Гонсалеспен кездесіп, 12 раундтық қорытындысы бойынша төрешілердің шешімімен жеңіске жетті. Осылайша ол WBO NABO және WBA Inter-Continental чемпиондық белбеулерін жеңіп алды. 

Осы жеңісінен кейін Қанат Ислам BoxRec порталының рейтингінде 27 сатыға жоғарылап, қазіргі уақытта өз салмағында 26 орынға жайғасты. 

Айта кетейік, Қанат Ислам 24 жекпе-жекте 24-ші жеңісіне қол жеткізді, оның 19-ы мерзімінен бұрын аяқталған. Ал Норберто Гонсалес кәсіпқой бокста 9-шы рет жеңіліс тауып отыр. Оның еншісінде 23 жеңіс бар, оның 13-і уақытынан бұрын аяқталған.

Жарнама

Живи спортом!