Украиналық боксшы Александр Усик карьерасында жеңілгені үшін біреулердің ақшаны ұсынған кезі болғаны туралы айтты, деп жазады Vesti.kz тілшісі.
"Бокс - үлкен нәтижеге жете алатын спорттың түрі. Маған біреулер келіп, "міне саған ақша, мына кездесуде жеңілу керексің", - деген кездер болды. Мен ақшаның болғаны әрине жақсы дедім. Ол адам: "Түсіндім, ақша сені қызықтырмайды", - деді. Мен: "Дәл осылай ұсынған ақша керек емес", - дедім. Олимпиада және әлем чемпионыны осылай айтады. Құдайға шүкір, қазіргі уақытта жағдайым жақсы. Қазір өзім қалаған дүниені істей аламын", - деді Усик.
Айта кетейік, қазіргі уақытта Усик аса ауыр салмақта WBA Super, WBO, IBF және IBO белбеулерінің иегері. Соңғы айқасында ол ұлыбританиялық Энтони Джошуамен кездесіп, төрешілердің шешімі бойынша жеңіске жетті.