Профи-бокс
13 қаңтар 2019 14:38
 

Жеңіліп көрмеген Нұрсұлтанов АҚШ-та мексикалықты нокаутқа түсірді

  Пікірлер

blog.share

Жеңіліп көрмеген Нұрсұлтанов АҚШ-та мексикалықты нокаутқа түсірді

Қазақстандық боксшы Мейірім Нұрсұлтанов АҚШ-та кезекті жекпе-жегін өткізді, - деп хабарлайды Vesti.kz порталы.

blog.share

Қазақстандық боксшы Мейірім Нұрсұлтанов АҚШ-та кезекті жекпе-жегін өткізді, - деп хабарлайды Vesti.kz порталы.

Мейірім Нұрсұлтанов мексикалық Рамон Агинагамен сегіз раундқа созылған кездесу өткізді. Қазақстандық боксшы оны екінші раундта нокаутқа түсірген. Осылайша Нұрсұлтанов кәсіпқой бокстағы оныншы жеңісіне жетіп отыр.
Бокс кеші аясында тағы бес жекпе-жек өтті. Кештің ең басты оқиғасы қазақстандық Мадияр Әшкеев пен пуэрторикалық Луис Эрнандестің кездесуі болды. Әшкеевтің жекпе-жегі он раундқа созылды. Нәтижесінде судьялардың шешімімен Әшкеев жеңіске жетті.

Айта кетейік, Әшкеев пен Нұрсұлтановтың мүдделерін америкалық Main Events промоутерлік компаниясы мен менеджер Эгис Климас қорғайды.

Жарнама

Живи спортом!