Профи-бокс
27 маусым 2017 15:37
 
Жеңіліп көрмеген америкалық боксшы қазақстандық Ахмедовпен кездеседі

  Пікірлер

blog.share

Жеңіліп көрмеген америкалық боксшы қазақстандық Ахмедовпен кездеседі Әли Ахмедов

Қазақстандық 21 жастағы кәсіпқой боксшы Әли Ахмедов (6-0-0, 4 КО) чемпиондық белбеуге талас кездесуде 30 жастағы америкалық Кент Холландпен (4-0-1, 2 КО) кездесуі мүмкін, - деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

АҚШ-та 30 маусымға жоспарланған жекпе-жекте Ахмедов WBC - NABF титулы үшін таласатын болады. Бокс кеші Миннеаполисте өтеді. Ал оның қарсыласы Холланд кәсіпқой бокста 2014 жылдан бері өнер көрсетіп келеді.

Америкалық боксшы өзінің соңғы жекпе-жегін биыл сәуірде өткізген еді. Ол өз отандасы Остин Бикерманды нокаутқа түсірген болатын. Жекпе-жек бірінші ауыр салмақта өтіп, бірінші раундта аяқталды.

Ахмедовке келер болсақ, ол 30 маусымда биылғы бірінші жекпе-жегін өткізеді. Миннеаполистегі кездесуден кейін қазақстандық боксшы шілдеде, тамызда және қыркүйекте шаршы алаңға шығып, жыл соңына дейін ауыр салмақтағы үздік ондыққа кіруді жоспарлап отыр.

Жарнама

Живи спортом!