Кәсіпқой бокста жеңілістің кермек дәмін татпаған қазақстандық боксшы Мұса Тұрсынғалиев (10-0, 6 КО) жыл соңына дейін екі кездесу өткізбекші, деп жазады Vesti.kz тілшісі.
BoxRec ақпараты бойынша, оның кездесулері 27 тамыз және 26 қарашада болады. Екі кездесу де АҚШ жерінде өтеді. Бірақ қарсыластар әлі белгілі емес.
Тұрсынғалиев өзінің соңғы кездесуін 2019 жылдың шілде айында өткізді. Ол кәсіпқой бокстағы карьерасын 2017 жылы бастаған. Сөйтіп, 19 күннің ішінде Мексика жерінде алты кездесу өткізіп, барлығында жеңіске жетті.
Негізі отандасымыз шаршы алаңға 2020 жылы қайта оралуды жоспарлаған болатын. Алайда ол кезде оның кездесуі коронавирусқа байланысты өтпей қалды.