Профи-бокс
7 желтоқсан 2017 15:33
 
Жеңілмеген қазақстандық боксшы желтоқсанда белбеуге таласады

  Пікірлер

blog.share

Жеңілмеген қазақстандық боксшы желтоқсанда белбеуге таласады Иса Ақбербаев. © smugmug.com

Бірінші ауыр салмақта өнер көрсететін қазақстандық боксшы Иса Ақбербаев (19-0, 14 КО) шаршы алаңға желтоқсанда оралады, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Tiger Promotions промоутерлік компаниясы қазақстандық боксшының қарсыласы босниялық Мирнес Денадич (10-5, 4 КО) болатынын айтты.

Жекпе-жек 16 желтоқсанда Украинада өтеді. Жеңімпаз WBA Asia белбеуін иеленеді.

Еске салайық, Ақбербаев сегіз жылдық спорттық мансабында Өзбекстанда, Қырғызстанда, Қазақстанда, Германияда, АҚШ-та, Ресейде және Украинада шаршы алаңға шықты. 33 жастағы отандасымыз соңғы жекпе-жегін биыл тамызда ресейлік Юрий Барашьянмен (28-10, 19 КО) өткізіп, екінші раундта жекпе-жекті мерзімінен бұрын аяқтады. Ақбербаев бірінші ауыр салмақта Global Boxing Council титулының иегері. Ол оны 2015 жылы жеңіп алған, содан бері ол оны үш рет сәтті қорғады.

Жарнама

Живи спортом!