Профи-бокс
16 маусым 2022 15:15

Жекпе-жек кезінде қарсыласын тістеген боксшы жазаланды

©news7g.com

Пуэрто-Рико елінде дүниеге келіп, қазіргі уақытта АҚШ намысын қорғайтын Эдгар Берланга (20-0, 16 KO) жекпе-жек кезінде колумбиялық Роамеро Ангулоны (27-3, 23 KO) тістеп алғаны үшін жазаланады, деп жазады ESPN порталы. 

Орта салмақта өткен бұл кездесу барысында төреші эпизодты байқамай қалды. Айқастың өзі 11 маусым күні Нью-Йорк (АҚШ) қаласында өтіп, 98-92, 99-91 и 99-91 есебімен Берланга жеңіске жетті. 

Кездесуден кейін бұл жағдайда Нью-Йорк штатының атлетикалық комиссиясы (NYSAC) айыппұл салып, боксшыны жекпе-жектен шеттету туралы шешім шығарған. Дегенмен шешім әлі ресми емес. Өйткені, комиссия боксшыны қанша уақытқа шеттету керектігін ақылдасуда. Инсайдерлердің мәліметі бойынша, Берланга 10 мың доллар айыппұл төлейді. 

Top Rank өкілі Эван Корн NYSAC шығарған кез-келген шешімге қарсы болмайтынын айтты. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport