Профи-бокс
9 қазан 2018 09:31
 
Жастар арасында әлем біріншілігінің жеңімпазы кәсіпқой боксқа ауыспақ

  Пікірлер

blog.share

Жастар арасында әлем біріншілігінің жеңімпазы кәсіпқой боксқа ауыспақ Сурет Сұлтан Заурбектің әлеуметтік желісдегі парақшасынан алынды

Қазақстандық боксшы Сұлтан Заурбек қазан айының соңында кәсіпқой рингте өнер көрсетпекші, - деп хабарлайды Vesti.kz.

22 жастағы қазақстандық боксшы Ұлыбританияда шаршы алаңға бірінші рет шығады. Лондонда өтетін бокс кешінде тағы бір қазақстандық боксшы Нұртас Әжбенов та шаршы алаңға шығады. Ол MTK Global компаниясымен келісімшартқа отырған еді. Бұл компания Билли Джо Сондерс (26-0, 12 КО) және суперауыр салмақта өнер көрсетіп жүрген Тайсон Фьюри (27-0, 19 КО) сынды боксшылардың ісін жүргізеді. 

- 26 қазанда бірінші рет кәсіпқой рингке шығамын, - деді Заурбек - Жекпе-жек Лондонда өтеді. Қарсыласым әзірге белгісіз. 

- Жаттығу қалай өтуде? Қобалжу бар ма?

- Жоқ, қобалжып жүргенім жоқ, Жаттығу жақсы жүріп жатыр. Спарринг өткізіп жүрмін. Жекпе-жекке дайындалудамын. 

Айта кетейік, Заурбек 2014 жылы өткен жастар арасында бокстан әлем біріншілігінде топ жарған еді. Кәсіпқой бокста ол екінші жартылай жеңіл салмақта өнер көрсетеді. 

Жарнама

Живи спортом!