Кәсіпқой бокста жеңілістің кермек дәмін татпаған қазақстандық боксшы Садриддин Ахмедов (12-0, 10 КО) біраз уақыт үзілістен кейін келесі кездесуін өткізу үшін жаттығуға қайта кірісті, деп жазады Vesti.kz тілшісі.
Әлеуметтік желісінде Ахмедов дайындығының видеосын салып, "Жаттығуға кірістік", - деп жазба қалдырды.
Айта кетейік, Ахмедов соңғы мәрте шаршы алаңға 2021 жылдың 29 қаңтарында шықты. Ол кезде отандасымыз төрешілер шешімі бойынша нидерландық Стивен Даньоны (20-4-3, 7 КО) жеңді. Кейін Ахмедов жарақат алып, сол уақыттан бері әлі жаттығу өткізбеді.