Профи-бокс
27 тамыз 2018 14:51
 

"Жанкүйерлерді құрметтемейтін өтірікші" - Головкин "Канелоны" сыбап тастады

  Пікірлер

blog.share

"Жанкүйерлерді құрметтемейтін өтірікші" - Головкин "Канелоны" сыбап тастады © REUTERS

Орта салмақта әлем чемпионы Геннадий Головкин Лос-Анджелесте өткен ашық жаттығу барысында қарсыласы Сауль "Канело" Альварес туралы өз ойын айтты, - деп хабарлайды Vesti.kz.

blog.share

Орта салмақта әлем чемпионы Геннадий Головкин Лос-Анджелесте өткен ашық жаттығу барысында қарсыласы Сауль "Канело" Альварес туралы өз ойын айтты, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Екінші кездесу 15 қыркүйекте Лас-Вегаста өтеді. 

"Альварес- чемпион емес. Ол боксты да, жанкүйерлерді де сыйламайды. Мен әлем чемпионы болып қалып, үйіме өз белбеулеріммен оралғым келеді. Мен тағы бір кезекті Big Drama Show-ға дайынмын. Жаттығу кезінде мен "Канело" жайлы ойламаймын. Мен өз жұмысымды жасап, 15 қыркүйекте "Канелоға" жекпе-жекте паш етемін. 

Бірінші кездесуімізде мен оның соққыларын сезіне алмадым. Ол жай ғана шапалақ секілді тиді. Ол мықты панчер емес, одан да мықтыларымен жұдырықтасқанмын. Алайда ол шапшаң қозғалады. Ол менің ең тәжірибелі қарсыласым шығар", - деді Головкин. 

"Мені нағыз жігіттер қолдайды". Головкин "Канелоның" жанкүйерлері "жігіт емесін" айтты

Головкин мексикалық боксшымен қайтадан жекпе-жекке қуанышты екенін айтады. 

"Бұл жолы Альварес жекпе-жекке жұдырықтасуға шықса дұрыс болар еді. Бірінші жекпе-жек алдында да ол солай айтқан еді. Екінші кездесуде мен агресивті боламын. Абель екеуіміз лагердегі жаттығу барысында жаңа дүниелерді қарастырып жатырмыз. "Канело" допингпен ұсталғанда, көңілім түсті ме? Иә. Оның командасы менің көңілімді қалдырды. Олардың ақталуы, "Канелоның" реакциясы боксты және жанкүйерлерді құрметтемейтінін аңғардым. Олар өздерін қандай екендерін көрсетті. істегендерінің бәрі жасанды", - деді Геннадий Головкин. 

Қазақстандық боксшы Альвареске мамырдағы жекпе-жектің өтпей қалғаны үшін еш ызалы еместігін, алайда оны құрметтеуден қалғанын айтады. 

"Канело" - бокстағы ең танымал есім емес, ол небәрі үлкен даудың бөлігі. Мамырдағы жекпе-жектің өтпей қалуы, өмірлік тәжірибе болды. Жаңа төрешілер мен рефери бокс пен фанаттардың жағында болады дегеннге сенемін", - деді спортшы. 

"Головкин - екіжүзді". Альварес GGG өзін жарнамалай беретінін айтады

Жарнама

Живи спортом!