Профи-бокс
2 сәуір 2018 11:40
 
Жанқош Тұраров спорттық мансабын аяқтағаны рас па?

  Пікірлер

blog.share

Жанқош Тұраров спорттық мансабын аяқтағаны рас па?

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Жанқош Тұраров 2017 жылдың қыркүйек айынан бері шаршы алаңға шықпады. Тіпті әлі де жаттығуын бастаған жоқ. Ел арасында «Жанқошты спорттық мансабын аяқтап, былғары қолғабын шегеге ілді», деген әңгіме де өріп жүр. Расында, Астанада өткен дүбірлі додада өнер көрсеткен біраз спортшылар кезекті жекпе-жектерін өткізіп те үлгерді. Qsport.kz порталының тілшісі спортшыға арнайы хабарласып, мәселенің анық-қанығын сұрады.

Көпшіліктің көкейінде жүрген сұраққа Жанқош: «Мансабымды аяқтады деген жалған ақпарат. Алла қаласа, жақын күндері АҚШ еліне аттанамын. Америкада  оқу-жаттығу жиынын өткізіп, сол жақта келесі жекпе-жегімнің мерзімін анықтайтын боламыз. Шаршы алаңға нақты қашан оралатыным белгісіз, бәлкім келесі жекпе-жегім маусым айында өтуі мүмкін. Бұның бәрі АҚШ еліне барғанда шешіледі», – деп жауап берді.

Айта кетейік, Жанқош Тұраров соңғы жекпе-жегін 9 қыркүйек күні, Астана қаласында аргентиналық Бруно Леонардо Ромэйге (21-5-0, 18 КО) қарсы өткізіп, ұпай санымен жеңіске жеткен болатын. Бұл отандасымыздың 22-жеңісі. Әлі жеңіліс дәмін татып көрмеген.

Жарнама

Живи спортом!