Профи-бокс
17 сәуір 2018 10:33
 
Жәнібек Әлімханұлы Қанат Исламның менеджерімен келісімшарт жасауы ықтимал

  Пікірлер

blog.share

Жәнібек Әлімханұлы Қанат Исламның менеджерімен келісімшарт жасауы ықтимал Vesti.kz©

Әуесқой бокста 2013 жылы әлем чемпионы атанған Жәнібек Әлімханұлы кәсіпқой боксқа ауысқаннан кейін 2017 жылы әлемнің үздік менеджері атанған Эгис Климаспен келісімшарт жасауы мүмкін. Қазіргі уақытта қазақстандық боксшы келіссөз жүргізіп жатыр екен, деп хабарлайды Vesti.kz порталы. 

Қаңтар айында Әлімханұлы Қазақстан құрамасынан кетіп, карьерасын аяқтауы мүмкін деген хабар тараған. Соңғы Қазақстан біріншілігінде ол күтпеген жерген 19 жастағы Михаил Коханчиктен жеңіліп қалып еді. 

Кеше Әлімханұлының түбегейлі кәсіпқой боксқа ауысқаны белгілі болды. Негізі ол бұған дейін кәсіпқой бокста екі кездесу өткізіп үлгерген. Тарқатып айтсақ, 2016 жылы Алматы ол колумбиялық Милтон Нуньестен (35-18-1, 31 КО) үстем түссе, өткен жылы қыркүйек айында Астанада төрешілердің шешімі бойынша Жильберто Перейра дос Сантостан (14-7, 10 КО) айласын асырды. 

Литваның тумасы Климас КСРО құлдырап жатқан кезде АҚШ еліне қоныс аударып кеткен. 1990 жылдары боксты кәсіп ете бастаған. 2017 жылы The Ring журналының нұсқасы бойынша "Жылдың үздік менеджері" атанды. Қазіргі уақытта атақты украиналық боксшы Василий Ломаченко (10-1, 8 КО) мен Александр Усик (14-0, 11 КО) және ресейлік Сергей Ковалев (32-2-1, 28 КО) секілді боксшылармен жұмыс істейді. 

Климастың командасы бес қазақстандық боксшылар да бар. Олар Мадияр Әшкеев (8-0, 4 КО), Сағадат Рахманқұлов (1-0, 1 КО), Мейірім Нұрсұлтанов (5-0, 4 КО), Асхат Уалиханов (2-1, 2 КО) бар. Ал биыл бұл менеджермен Қанат Ислам (25-0, 20 КО) келісімшарт жасады. 

Жарнама

Живи спортом!