Орта салмақта өнер көрсететін қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы (11-0, 7 КО) әлеуметтік желісіне тағы бір пост салды, деп жазады Vesti.kz тілшісі.
Жаңа жазбасында Әлімханұлы алдағы кездесуіне дайындығын көрсетті.
Еске салайық, отандасымыз келесі кездесуін 21 мамыр күні Лас-Вегас өткізеді. Оның қарсыласы ұлыбританиялық Дэнни Дигнум (14-0-1, 8 КО) болады. Бұл айқаста орта салмақта WBO ұйымының уақытша чемпиондық атағы сарапқа салынады.
"Ауыр еңбек. Жуырда. Жаңа чемпион", - деп жазды Әлімханұлы.