Орта салмақтағы қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы (12-0, 8 КО) ұлыбританиялық Дензел Бентлиге (17-1-1, 14 КО) қарсы чемпиондық белбеуін қорғайтын кездесуге дайындық жүргізуде, деп жазады Vesti.kz тілшісі.
Әлімханұлы өзінің әлеуметтік желісіндегі парақшасында менеджері Берік Сұлтанмен шаршы алаңда дайындық жұмыстарын көрсетіп, "Қазақ стилі" деп жазды.
Еске салайық, бұл кездесу 2 қараша күні Лас-Вегас қаласында Palms Casino Resort спорт кешенінде өтеді. Бұл кездесуде Жәнібек бірінші рет чемпиондық белбеуін қорғайды.