Профи-бокс
16 қазан 2017 17:31
 
Жанат Жақияновтың жекпе-жегін қайдан көруге болады?

  Пікірлер

blog.share

Жанат Жақияновтың жекпе-жегін қайдан көруге болады? Сурет: behindthegloves.com. Mark Robinson©

21 қазаннан 22 қазанға ауысқан түні жеңіл салмақта WBA (Super) белбеуінің иегері қазақстандық боксшы Жанат Жақиянов осы салмақта IBF белбеуінің иегері британдық боксшы Райан Барнеттпен жекпе-жек өткізеді, деп хабарлайды Vesti.kz порталы. 

Жекпе-жек Солтүстік Ирландияның Белфест қаласындағы The SSE Arena спорт кешенінде өтеді. Кездесуді НВО арнасы тікелей эфирде көрсетеді. Ал Қазақстанда бұл кездесуді QazSport арнасы тікелей эфирде көрсетеді. 

Бокс кешінің негізгі кездесулері Астана уақытымен 00:30-да басталады. Кештің басты жекпе-жегінде өнер көрсететін Жақиянов пен Барнетт шаршы алаңға 03:45-те шығады. 

33 жастағы отандасымыз WBA (Super) белбеуін бірінші рет қорғайтын болады. Жалпы Жақиянов кәсіпқой бокстағы 27 кездесу өткізіп, оның біреуінде ғана жеңіліп қалған.

25 жастағы Барнетт болса 17 кездесу өткізіп, барлығында жеңіске жеткен. 

Жарнама

Живи спортом!