Профи-бокс
16 наурыз 2017 15:51
 
Жанат Жақиянов IBO чемпиондық белбеуінен не үшін бас тартқанын айтып берді

  Пікірлер

blog.share

Жанат Жақиянов IBO чемпиондық белбеуінен не үшін бас тартқанын айтып берді ©facebook.com

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Жанат Жақиянов Vesti.kz тілшісіне IBO тұжырымы бойынша чемпиондық белбеуге қатысты мән-жайды айтып берді.

"Екі белбеу мәселесі тұрды. Біз басында WBA (Super) негізгі белбеуі үшін жарнаны ғана төледік. IBO белбеуі негізгілер қатарына жатпайтын, сондықтан біз ол үшін төлем жасмадық. Мұның бәрі жекпе-жекке дейін шешіліп қойған мәселе еді", - деді Жақиянов.

Бұл оқиға жайында Қазақстанның кәсіпқой бокс қауымдастығының президенті де пікір білдіргенін айта кетейік.

Мұның алдында Жанат Жақиянов IBO тұжырымы бойынша чемпиондық белбеуінен айырылғаны хабарланған. Қазір бұл белбеу иесіз тұр. Ал бұл салмақ дәрежесінде IBO рейтингінде Джейми МакДонелл көш бастап тұр.

Еске салайық, чемпиондық белбеуді Жанат Жақиянов 11 ақпан күні АҚШ-тың Толедо қаласында америкалық Роуши Уорреннен тартып алған еді. Қазір қазақстандық боксшының еншісінде тек жеңіл салмақтағы WBA тұжырымының чемпиондық белбеуі қалды.

Жарнама

Живи спортом!