Профи-бокс
7 қыркүйек 2022 17:02
 
Жан Кособуцкийдің келесі кездесуіне байланысты тың ақпарат шықты

  Пікірлер

blog.share

Жан Кособуцкийдің келесі кездесуіне байланысты тың ақпарат шықты ©instagram.com/kossobutskiy/

Аса ауыр салмақта өнер көрсететін қазақстандық боксшы Жан Кособуцкий  (18-0, 17 КО) келесі кездесуі қайда өтетінін айтты. Сонымен қатар, ол жекпе-жектің қашан өтетінін және қарсыластың кім болуы мүмкін екені туралы ақпаратпен бөлісті, деп жазады Vesti.kz тілшісі. 

"Менің шаршы алаңға шығуымды күтіп жүрген жанкүйерлер үшін. Мен келесі кездесуімді қараша айының басында Германияда өткіземін. Қарсыласым 16 айқаста жеңілмеген боксшы. Кімге қарсы дайындалу керек екенін білемін", - деп жазды Instagram парақшасында боксшы. 

Айта кетейік, Кособуцкийдің өзі соңғы кездесуін 41 жастағы франциялық Йохан Дюопаға  (39-7, 26 КО) қарсы өткізіп, WBC International белбеуін жеңіп алды. Содан соң ол неміс боксшысы Агит Кабайеланы (22-0, 14 КО) жекпе-жекке шақырды. Алайда ол айқастан бас тартты. Кейін Еуропа бокс қауымдастығы (EBU) Кособуцкийге түркиялық Умут Чамкиранды (18-0, 17 КО) қарсылас етіп бекітті. Бірақ бұл боксшылар жекпе-жек туралы келісе алмады. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

Жарнама

Живи спортом!