Жан Кособуцкий түркиялық боксшыға қарсы жекпе-жек туралы пікірін айтты
Аса ауыр салмақта өнер көрсететін қазақстандық боксшы Жан Кособуцкий (18-0, 17 КО) Vesti.kz тілшісіне Еуропа бокс одағының (EBU) белбеуін үшін өтетін кездесу туралы айтып берді.
Аса ауыр салмақта өнер көрсететін қазақстандық боксшы Жан Кособуцкий (18-0, 17 КО) Vesti.kz тілшісіне Еуропа бокс одағының (EBU) белбеуін үшін өтетін кездесу туралы айтып берді.
Кеше Еуропа бокс одағы Кособуцкий мен түркиялық боксшы Умут Чамкиранмен (18-0, 17 КО) кездесу туралы хабарлаған болатын. Бүгін осыған орай қазақстандық боксшының өзі пікір білдірді.
"Иә, бірнеше күн мұндай әңгіме болды. Жекпе-жек Еуропа чемпионы атағы үшін сияқты еді. Мен қарсы емеспін. Қыркүйек айына жоспарлап отырмыз. Олардың командасы да келіскен сияқты. Енді дайындықты бастаймыз", - деді Кособуцкий.
33 жастағы Чамкиран Германияда дүниеге келген. Бірақ өзінің тарихи отаны Түркияға көшіп кеткен. Ол кәсіпқой бокста 18 кездесу өткізіп, барлығында жеңіске жеткен. 17 жекпе-жекте ол қарсыласын нокаутпен жеңген. Чамкиран осы уақытқа дейін Албания, Ресей, Германия, Словакия және Германияда жұдырықтасқан.
Соңғы рет ол мамыр айында шаршы алаңға шығып, чехиялық Лукас Вакерді (3-2, 2 КО) жеңді.
Ал Кособуцкий болса 22 мамырда Гамбург (Германия) қаласында франциялық Йохан Дюопаны (39-7, 26 КО) жеңіп, WBC International белбеуін иеленді.
Жарнама