"Жақтан ұрып, аутқа жіберді". 21 жастағы қазақстандық америкалықты нокаутқа түсірді
Желіде 21 жастағы қазақстандық боксшы Искандер Харсан мен америкалық Ричард Муньес арасындағы (1-3-1) жекпе-жектің видеосы пайда болды, - деп хабарлайды Vesti.kz. Қазақстандық боксшы қарсыласын нокаутқа түсірген.

Екінші аса жеңіл салмақта өнер көрсететін Харсан үшін бұл кәсіпқой бокстағы үшінші жекпе-жегі. Муньес болса АҚШ-тағы "Алтын қолғап" жарысының жеңімпазы болған.
Оның қарсыласты нокдаунға түсірген сәті бірінші раундта болды. Ал жекпе-жек үшінші раундта техникалық нокаутпен аяқталды.
Айта кетейік, арсан шілдеде WBC ұйымының өңірлік белбеуі үшін жұдырықтасатын болады. Ал маусымда 21 жастағы қазақстандық АҚШ-та ВВВ белбеуі үшін шайқасады.
Жарнама