Профи-бокс
2 қараша 2017 10:40
 
Жақияновтың командасы Барнеттің жекпе-жектен кейін допинг сынақтан өтпегені үшін WBA және IBF ұйымдарына шағым берді

  Пікірлер

blog.share

Жақияновтың командасы Барнеттің жекпе-жектен кейін допинг сынақтан өтпегені үшін WBA және IBF ұйымдарына шағым берді ©:LAWRENCE LUSTIG

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Жанат Жақияновтың (27-2, 18 КО) командасы британдық боксшы Райан Барнетті (18-0, 9 КО) жекпе-жектен кейін допинг сынақтан өтпегені үшін WBA және IBF ұйымдарына шығым білдірді. Бұл туралы World Boxing News басылымына берген сұқбатында қазақстандық боксшының менеджері Филипп Фондю айтып берді. 

Жеңіл салмақта WBA және IBF белбеулерін біріктірген жекпе-жек 21 қазан күні Барнеттің туған қаласы Белфестте өткен болатын. 12 раундтың қорытындысы бойынша төрешілер жеңісті британдық боксшыға берді. Осылайша Барнетт IBF белбеуін сәтті қорғап, Жақияновтың WBA (Super) белбеуіне ие болды. 

Жекпе-жектен кейін Барнетт бірден емхана кетіп, тексерістен өткен. Сондықтан да ол жекпе-жектен кейінгі допинг сынақтан өтпеген. Ал бұл процесс чемпиондық жекпе-жектен кейін міндеттелген дүние. 

"Біз Барнеттің кездесуден кейінгі міндетті допинг сынақтан өтпеген үшін IBF және WBA ұйымдарына шағым бердік. Бұл ұйымдардың шешімдері жуық арада қабылданып, көпшілікке жарияланады деп сенеміз. Біз де Барнеттің допинг сынақтан не үшін өтпеген білгіміз келеді", - дейді Фондю. 

VRinge.com порталының жазуынша, бұл шағым арқылы Жақияновтың командасы нені көздеп отырғаны белгісіз. Бірақ осы қадам арқылы олар Барнеттпен екінші кездесуді ұйымдастырып қалуы ықтимал екенін айтады. 

Ал бұған дейін Жақияновтың командасы төрешілердің тіркеген есебіне наразы екенін айтқан. Оның бапкері Рикки Хаттон мен Майк Джонсон тәлімгерінің жеңілгенін мойындады. Бірақ тәлімгері ойсырай жеңілді дегенге келіспеді. 

Айта кетейік, бұл кездесуде төрешілер 118:110, 116:112 және 119:109 есебімен бір ауыздан жеңісті Барнеттке берді. Америкалық қазы Валери Досетт болса тіпті Жақияновтың тек бір раундта ғана мықты болғанын тіркеді. Канадалық төреші Паскуаль Прокопио үш, ал тағы бір америкалық төреші Карлос Сукре бір раундта ғана жеңісті отандасымыз жеңді деген шешім шығарды. 

Жарнама

Живи спортом!