Профи-бокс
14 сәуір 2017 12:25
 
Жақияновқа енді шамасы жететін боксшылармен жұдырықтасу керек - америкалық тілші

  Пікірлер

blog.share

Жақияновқа енді шамасы жететін боксшылармен жұдырықтасу керек - америкалық тілші © Leo Wilson/Premier Boxing Champions

Америкалық Delcotimes.com порталының тілшісі Джэк МакКафери Vesti.kz порталының тілшісіне ең жеңіл салмақта WBA (Super) тұжырымы бойынша әлем чемпионы Жанат Жақияновқа қазіргі жағдайды пайдаланып, көбірек жекпе-жек өткізу керектігін айтып берді. 

"Уорреннен жеңген кезі Жақияновтың карьерасындағы ең бір жарқын сәттердің бірі болды. Жекпе-жек алдында көпшілік оны аутсайдер деп таныған еді. Бірақ ол көпшілікке тосын сый жасады. Қазір енді онымен кездескісі келетіндеп көп. Қазіргі уақытта оның командасы келесі жекпе-жек туралы келіссөздерді белсенді жүргізіп жатқанына сенімдімін. Жақияновқа бұл сәтті қазір жақсы пайдаланып, шамасы жететін боксшылармен шаршы алаңға шығу керек. Бірден басқа ұйымдардың чемпиондарымен жұдырықтасудың қажеті жоқ", - дейді МакКафери. 

Бұған дейін Жақияновтың өзі келесі қарсыласы қашан белілі болатынын айтқан еді. Қазақстандық боксшының айтуынша, осы мәселе бойынша келіссөздер жүріп жатқан көрінеді. "Мүмкіндік болса Астанада өтетін халықаралық ЕХРО көрмесі кезінде ұйымдастыруды жоспарлап отырмыз. Қазіргі уақытта бірнеше қарсыластар бар, оның ішінде Шинсуке Яманака есімді жапониялық боксшымен жекпе-жек ұйымдастыруды көзделгейміз", - деді Жақиянов.

Еске салайық, Жақиянов соңғы кездесуін 11 ақпан күні АҚШ-тың Толедо қаласында Роуши Уорренмен өткізіп, төрешілердің шешімі бойынша жеңіске жетті. Осы кездесуде отандасымыз ең жеңіл салмақта WBA (Super) және IBO ұйымдарының чемпиондық белбеуін жеңіп алған еді. Бірақ кейіннен екінші белбеуін ұйымға қайтарып берді. 

Жарнама

Живи спортом!