Профи-бокс
15 тамыз 2017 17:51
 
Жақиянов өз шегіне жетті. Енді Барнетті жеңсе, ғажайып болады - америкалық сарапшы

  Пікірлер

blog.share

Жақиянов өз шегіне жетті. Енді Барнетті жеңсе, ғажайып болады - америкалық сарапшы © BoxRec

KnucklesandGloves.com және TheFightCity.com порталдарының шолушысы  Патрик Коннор Vesti.kz тілшісіне берген сұхбатында IBF чемпионы Райан Барнетт пен WBA (Super) белбеуінің иегері қазақстандық Жанат Жақиянов арасындағы жекпе-жекте британиялық боксшы жеңіске жетеді деп болжам жасады.

"Жақиянов жетер шегіне жетті. Барнетт бұл кездесуде Уорренің қателіктерін қайталамайды. Меніңше, Белфастта ол ұпай санымен жеңіске жетеді. Жеңіс анық көрінеді. Жақиянов мүмкін емеске қол жеткізген, Уорреннен жеңіліп жатып, жеңіске жете алды. Алайда сәттілік кез келген уақытта қазақстандықан кері бұрылуы мүмкін. Келесі жекпе-жекте солай болады. Ол Барнетті жеңуі мүмкін емес", - дейді Коннор.

Мұның алдында MMAPlus.co.uk порталының журнлаисті Бен Смит қазақстандықтың промоутері Филлип Фондю келесі қарсылас ретінде Барнетті таңдап қателік жасады деген болатын.

Фондю ресми түрде Барнетт пен Жақиянов жұдырықтасатынын мәлімдеген. Жекпе-жек 21 қазанда Солтүстік Ирландияның Белфаст қаласындағы SSE Arena алаңында өтетінін айта кетейік.

Еске салйық, Жақиянов 11 ақпанда АҚШ-тың Толедо қаласында Роуши Уорренді жеңіп, WBA (Super) және IBO белбеулеріне ие болған. Кейін боксшының командасы IBO белбеуінен бас тартқан болатын.

Жарнама

Живи спортом!