Кәсіпқой бокс
20 қазан 2017 15:01
 
Жақиянов жеңілетін болса Барнеттен реванш сұрай алады ма?

  Пікірлер

blog.share

Жақиянов жеңілетін болса Барнеттен реванш сұрай алады ма? Mike Jackson©

Жеңіл салмақта WBA (Super) белбеуінің иегері қазақстандық боксшы Жанат Жақияновтың менеджері Филипп Фондю осы салмақта IBF белбеуінің иегері британдық боксшы Райан Барнеттпен өтетін кездесудің келісімшартында қандай ұсыныстар қаралғаны туралы және боксшылар арасындағы екінші кездесу жайлы айтып берді, деп жазады Vesti.kz порталы. 

"Төрешілер төрешілер туралы айтатын болсақ, барлық қазы әділ төрелік жасайды деп есептеймін. Ұлыбританияда өтіп жатқан мұндай үлкен кездесуде британдық төрешіні қоймауға мүмкін екен. Төрешілер Жақияновқа қарсы болмауы үшін жекпе-жекті Қазақстанда ұйымдастыру керек. 

Жанат қазір керемет бабында. Жаттығу жұмыстарын да жоғары деңгейде өткізді. Мықты деген боксшылармен спарринг өткізді. Енді ол тек жекпе-жек жеңіске жету туралы ғана ойлап жүр. Жалпы барлығы жоспар бойынша келе жатыр. 

Жақинов пен Барнетт арасындағы екінші кездесуге келетін болсақ, Matchroom Boxing (Барнеттің промоутерлік компаниясы - ред) компаниясы 48 сағаттың ішінде екінші кездесуді өтініш білдіруіне болады. Бұл ұсыныс егер Жақиянов жеңіске жеткен жағдайда ғана күшіне енеді. Бірақ Барнетт жеңіп кетсе, Жақияновтың реваншқа мүмкіндігі жоқ. Бұл Жақияновтың алдағы бокс кешінде қонақ болуына байланысты жасалған келісімшарт. 

Бокс кешін ұйымдастырып жатқандар келісімшартты жасады. Жанат тек атақты әрі белбеуі бар боксшы ретінде бокс кешіне қатысып кетеді. Егер кездесуді Қазақстанда ұйымдастырған болса, онда барлық ұсынысты Жақияновтың командасы жасайтын еді", - дейді Фондю. 

Айта кетейік, Жақиянов пен Барнетт арасындағы кездесу 21 қазан күні Солтүстік Ирландияның Белфест қаласындағы SSE Arena спорт кешенінде өтеді.

АҚШ жерінде бұл кездесуді НВО арнасы көрсетеді. Бұл жекпе-жекті Қазақстанда QazSport арнасы тікелей эфирде көрсетеді. Бокс кеші 21 қазан күні 00:30-да басталады. Кештің басты жекпе-жегінде жұдырықтасатын Жақиянов пен Барнеттің шаршы алаңға қай уақытта шығатынын мына жерден көре аласыздар.

Жарнама

Живи спортом!