Профи-бокс
16 наурыз 2017 11:24
 
Жақиянов IBO тұжырымының чемпиондық белбеуінен айырылып қалды

  Пікірлер

blog.share

Жақиянов IBO тұжырымының чемпиондық белбеуінен айырылып қалды ©Vesti.kz

Жеңіл салмақта WBA (Super) және IBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы Жанат Жақиянов (27-1, 18КО) өзінің екінші, яғни IBO тұжырымының белбеуінен айырылып қалды, деп жазады Vesti.kz порталы. 

Іboboxing.com порталындағы мәлімет бойынша жеңіл салмақтағы бұл ұжымның чемпионы атағы қазір бос тұр. Ал boxrec.com порталының мәліметі бойынша, ұйым бұл тұжырымның чемпионы атағын жеңіп алған Жанат Жақияновтан тартып алыпты. 

Чемпиондық атақты кері қайтарып алудың басты себебі, отандасымыздың IBO ұйымына белбеу үшін берілетін жарнаның төлемеуі себеп болыпты. 

Еске салайық, бұл чемпиондық белбеуді Жанат Жақиянов 11 ақпан күні АҚШ-тың Толедо қаласында америкалық Роуши Уорренге қарсы өткізіп, 12 раундың қорытындысы бойынша төрешілердің шешімімен жеңіске жетіп, жеңіп алған еді. 

Қазір енді оның еншісінде тек жеңіл салмақтағы WBA тұжырымының чемпиондық белбеуі қалды. 

Жарнама

Живи спортом!