Профи-бокс
9 қазан 2017 14:09
 
Жақиянов - Барнетт кездесуін Қазақстанда қай арна көрсететіні анықталды

  Пікірлер

blog.share

Жақиянов - Барнетт кездесуін Қазақстанда қай арна көрсететіні анықталды

Жеңіл салмақта IBF тұжырымы бойынша әлем чемпионы британиялық Райан Барнетт (17-0, 9 КО) пен WBA (Super) белбеуінің иегері қазақстандық боксшы Жанат Жақиянов 27-1, 18 КО) арасындағы кездесуді Қазақстанда QazSport арнасы тікелей эфирде көрсетеді. Бұл туралы АО РТРК "Қазақстан" басқармасының басшысы Ерлан Қарин өзінің Facebook парақшасында хабарлады. 

"Бокс жанкүйерлері үшін! 21 қазаннан 22 қазанға ауысқан түні бокс жанкүйерлері қазақстандық кәсіпқой боксшы Жанат Жақияновтың жекпе-жегін тікелей эфирде көре алады. Ирландияның Белфест қаласында өтетін бокс кешінің басты жекпе-жегінде жеңіл салмақта WBA белбеуінің иегері Жанат Жақиянов (27 жеңіс, 18 нокаут, 1 жеңіліс) пен жеңіл салмақта IBF чемпионы, ирландиялық Райан Барнетт (17 жеңіс, 9 нокаут) шаршы алаңға шығады. Қазіргі уақытта Жақиянов рейтингте 12 орынжа тұрса, Барнет 5-орынға жайғасқан. ЖАнат белбеуін 2017 жылдың ақпан айында жеңіп алса, Барнетте өз белбеуін маусым айында жеңді. Бұл кездесуді асыға күтіп жүрміз", - деп жазды Қарин. 

Айта кетейік, Жақиянов пен Барнетт арасындағы кездесу 21 қазан күні Солтүстік Ирландияның Белфест қаласындағы SSE Arena спорт кешенінде өтеді.

АҚШ жерінде бұл кездесуді НВО арнасы көрсетеді. Бұл жекпе-жекті Қазақстан арналарының бірі де көрермен назарына ұсынады. Бокс кеші 21 қазан күні 00:30-да басталады. Кештің басты жекпе-жегінде жұдырықтасатын Жақиянов пен Барнеттің шаршы алаңға қай уақытта шығатынын мына жерден көре аласыздар.

Жарнама

Живи спортом!