Профи-бокс
29 қыркүйек 2017 12:26
 
Иван Дычконың спарринг серіктесі допинг сынамадан өте алмады

  Пікірлер

blog.share

Иван Дычконың спарринг серіктесі допинг сынамадан өте алмады Иван Дычко (ортада) мен Луис Ортис (сол жағында)

Жеңілмеген кубалық боксшы Луис Ортис америкалық Дионтэй Уайлдермен өтетін жекпе-жек алдында допинг сынамасын тапсырып, қорытынды бойынша, оның қанынан рұқсат етілмеген заттар табылды, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Бұл туралы Бүкіләлемдік бокс кеңесінің (WBC) президенті Маурисио Сулейман хабарлады: "WBC VADA ұйымынан Луис Ортистың қанынан рұқсат етілмеген заттардың барын анықтағаны жайлы хабарлады". 

WBC титулы үшін жекпе-жек Уайлдер мен Ортис арасында 4 қарашада Нью-Йоркте өтуі керек болатын. 38 жастағы Ортис өзі қткізген 27 жекпе-жектің барлығында да жеңіске жеткен еді, ал оның 23-ін мерзімінен бұрын аяқтаған. Оның екі кездесуі іске аспай қалды. 

Айта кетейік, Олимпиада ойындарының екі дүркін жүлдегері қазақстандық Иван Дычко кәсіпқой рингке шығу үшін осы Луис Ортиспен спаррингтер өткізіп, дайындалып жүрген еді. Отандасымыз кәсіпқой бокстағы бірінші кездесуін 30 қыркүйек күні (Астана уақытымен) АҚШ-тың Даллас қаласында өткізеді. Иван Дычконың бұл кездесудегі қарсыласы 34 жастағы америкалық Эйбур Райт болады. Ол кәсіпқой бокс шаршы алаңында үш кездесу өткізіп, екі кездесуінде жеңіске жетсе, бір кездесуінде жеңіліс тапқан. Бүгін, 29 қыркүйекте Кәсіпқой боксқа жуырда ғана ауысқан отандасымыз Иван Дычко өзінің бірінші жекпе-жегінің алдында қарсыласымен көз арбасты

Сонымен қатар, Головкин мен Альварес жекпе-жегінен кейін допинг сынамаларының қорытындысы белгілі болды.

Жарнама

Живи спортом!