Кәсіпқой бокс
12 қазан 2017 14:46
 
Иван Дычконың бірінші бапкері отандасымыздың кәсіпқой бокста қандай табысқа жетуі мүмкін екенін айтып берді

  Пікірлер

blog.share

Иван Дычконың бірінші бапкері отандасымыздың кәсіпқой бокста қандай табысқа жетуі мүмкін екенін айтып берді ©Ізтуған Алдауев

Аса ауыр салмақта Олимпиада ойындарының екі дүркін жүлдегері, қазіргі уақытта кәсіпқой бокстағы бағын сынап жүрген қазақстандық боксшы Иван Дычконың (1-0, 1 КО) ең бірінші бапкері Владимир Шайрер Vesti.kz порталының тілшісіне шәкіртінің кәсіпқой бокста қандай табысқа жететінін айтып берді. 

"Иә, Дычконың АҚШ-тағы жекпе-жегі көрдім. Мен ол үшін тіпті тактикада да тауып қойдым. Оған қимыл-қозғалыстың техникасын шамалы өзгерту керек. Иванның шабуылы керемет. Тіпті ол сияқты комбиянацияны жеңіл салмақтағы боксшылар жасай алмайды. Әуесқой бокста ол қазіргі техникасын қолданған жоқ. Себебі, одан мұны талап етпеді. 

Оның ойлау қабілеті жылдам. Екі қолмен де керемет жұдырықтаса алады", - Шайрер. 

Шайрердің айтуынша, ол Иванмен осында 12 жыл бұрын, яғни оның 15 жасында танысқан екен. Содан бері ол Дычкоға бокстың қыр-сырын үйреткен. 

"Иван маған 15 жасында, достарымен бірге келді. Сол кездің өзінде оның бойы 205 сантиметр, ал салмағы 68 келі болды. Екі метрлік жігіт. Менің негізі ауылды жерде тұрамын. Мал-бақтырып, ауылдың тіршілігін жасатты. Осылайша мен оны тәрбилеп шыққан едім. Қазір оны көп адам таниды", - дейді Шайрер. 

Айта кетейік, 27 жастағы боксшы Иван Дычко екі дүркін Олимпиада ойындарының жүлдегері. Сонымен қатар Әлем чемпионаты, Азия біріншілігі мен Азия ойындарының жеңімпазы. 

Еске салайық, қыркүйек айында қазақстандық боксшы кәсіпқой бокстағы бірінші кездесуін өткізіп, америкалық Эйбур Райтты (2-2, 1 КО) жеңді. 

Жарнама

Живи спортом!