Профи-бокс
27 қараша 2017 16:27
 
Иван Дычко келесі кездесуін 41 жастағы америкалық боксшыға қарсы өткізеді

  Пікірлер

blog.share

Иван Дычко келесі кездесуін 41 жастағы америкалық боксшыға қарсы өткізеді

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Иван Дычко (2-0, 2 КО) келесі кездесуін 8 желтоқсан күні АҚШ-та 41 жастағы америкалық боксшы Терранс Марбраға (8-5, 6 КО) қарсы өткізеді, деп хабарлайды Vesti.kz порталы. 

Бұл аса ауыр салмақта өнер көрсететін қазақстандық боксшы үшін кәсіпқой бокстағы төртінші кездесуі болмақ. Желтоқсан айының 1 күні Дычко 32 жастағы америкалық Ламарко Эллиспен (2-4, 1 КО) кездеседі. Содан соң бір аптадан кейін отандасымыз Терранс Марбрамен кездеседі. 

Марбра кәсіпқой бокстағы карьерасын 2003 жылы бастаған. Мансабының алғашқы 14 айында ол бес кездесуде қатарынан жеңіске жеткен. Ал бірінші жеңілісін ол пуэрторикалық Мойзес Дроздан тапты. 

Содан соң америкалық боксшы жеті жыл жұдырықтаспады. 2011 жылдың қараша айында ол кәсіпқой боксқа қайта оралып, отандасы Эрик Линдерден үстем түсті. 

Биыл ол мамыр айында Майк Балогунмен (11-0, 8 КО) кездесіп, ұпай саны бойынша жеңіліп қалды. 

Ал 27 жастағы қазақстандық боксшы болса екі рет Олимпиада ойындарының жүлдегері атанды. Кәсіпқой бокста екі кездесу өткізіп, екеуінде де жеңіске жетті. 

Жарнама

Живи спортом!