Профи-бокс
27 шілде 2022 18:52
 
Иван Дычко GGG - "Канело" кездесуіне өз болжамын айтты

  Пікірлер

blog.share

Иван Дычко GGG - "Канело" кездесуіне өз болжамын айтты ©Reuters

Ең ауыр салмақта өнер көрсететін қазақстандық боксшы Иван Дычко (12-0, 11 KO) Геннадий Головкин (42-1-1, 37 КО) мен Сауль "Канело" Альварес (57-2-2, 39 КО) арасында өтетін үшінші кездесу туралы ойымен бөлісті, деп жазады Vesti.kz тілшісі. 

"Тиек" Youtube арнасына берген сұқбатында ол үшінші жекпе-жектің фоваритін айтты. 

"Бұл Қазақстанның кәсіпқой боксы мен әлем боксы үшін үлкен оқиға. Менің ойымша, Головкин соңғы кездесулерінде жеңіске жетіп, "Канело" жеңілгеннен кейін екі боксшының да мүмкіндіктері тең болып қалды. Қазіргі уақытта Альваресті айқын фоварит деп айтуға болмайды. Геннадий өзін жақсы қырынан көрсетуі мүмкін", - деді Дычко. 

Айта кетейік, Головкин мен "Канело" арасындағы үшінші кездесу 17 қыркүйек күні Лас-Вегас (Невада штаты, АҚШ) қаласындағы T-Mobile Arena спорт кешенінде болады. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

Жарнама

Живи спортом!