Профи-бокс
30 маусым 2017 13:25
 
Иван Дычко америкалық промоутермен келісімшарты туралы айтып берді

  Пікірлер

blog.share

Иван Дычко америкалық промоутермен келісімшарты туралы айтып берді

Олимпиаданың екі дүркін жүлдегері Иван Дычко Vesti.kz тілшісіне берген сұхбатында неліктен америкалық The Heavyweight Factory компаниясы арқылы кәсіпқой боксқа шығу шешімін шығарғанын түсіндірді. 

- Иван, америкалық компания сізбен келісімшарт жасалғаны туралы жариялады, олар сізді әлем чемпионы етіп шығармақшы. Сіз неге бұл нұсқаны таңдадыңыз?

- Біз сөйлестік, біздің мақсатымыз бірдей болып шықты. Мен осы компанияның мақсаттарыма жету үшін барлық мүмкіндіктері бар екеніне сенімдімін.

- Сізді кім жаттықтырады?

- Дерик Сантоспен жұмыс істеймін. 

- Сіздің жаттығу лагеріңіз қашан басталады?

- Жаттығуларды жақын күндері бастаймыз. Ертең не ертеңнің арғы күні. 

- Қашан жекпе-жекке шығасыз?

- Жұмыстардың қалай жүргеніне байланысты әрекет ететін боламыз, сол кезде ғана қашан шығатыным белгілі болады. Менің ойымша бір ай - бір жарым ай.

- Келісімшарт қанша жылға жасалды? Оның шарттары қандай?

- Келісімшарт бес жылға дейін. Шарттары маған қолайлы. 

Еске салайық, бұған дейін Иван Дычко The Heavyweight Factory промоутерлік компаниясымен ресми келісімшартқа отырғаны белгілі болған еді. Бұл промоутерлік компаниямен жуық арада Данияр Елеусінов те шартнамаға қол қоюы ықтимал.

Жарнама

Живи спортом!