Орта салмақта WBA Super және IBF белбеулерінің иегері қазақстандық Геннадий Головкин (42-2-1, 37 КО) келесі кездесуін IBF белбеуіне міндетті үміткер бразилиялық Эскива Фалькаомен (30-0, 20 КО) өткізуі керек. Бұл туралы BoxingScene порталы хабарлады.
Дереккөздің ақпараты бойынша, IBF ұйымы WBA қауымдастығымен келісімге келген. Енді Головкин WBA World белбеуін кубалық Эрисланди Лараға (29-3-3, 17 КО) қарсы емес, IBF белбеуін Фалькаоға қарсы қорғауы керек. Ал қай жеңгені кейін Ларамен кездесуге міндетті.
Фалькао - 20212 жылғы Олимпиаданың күміс жүлдегері. Міндетті қарсылас атағын ол канадалық Патрис Вольниді жеңіп иеленді.
Дегенмен, аса танымал емес Фалькаомен кездесу өткізбеу үшін, Головкин IBF белбеуінен бас тартуы мүмкін дейді басылым. Өйткені Эскиваның промоутері Боб Арум (Top Rank) қазақстандық боксшы сұраған сыйақыны бере алмайды. Бірақ мұндай жағдайға IBF дайын. Егер Головкин белбеуден бас тартса, оған аустралиялық Майкл Зерафа (30-4, 19 КО) мен Фалькао таласады.
Сондықтан Геннадий келесі кездесуін Ларамен өткізуі әбден ықтимал. Америкалықтың промоутері Элл Хэймен (Premier Boxing Champions) GGG сұраған сыйақыны тауып бере аламын деп мәлімдеме жасады.