IBF ресми түрде атын өзгертті
IBF чемпиондық белбеуі. Сурет: World Boxing News
Бұған дейін IBF/USBA (Халықаралық бокс федерациясы/Құрама штаттардың бокс ассоцияциясы) атанып келген
Халықаралық бокс федеарциясы (IBF) директорлар кеңесі ұйымның атын IBF деп қысқарту туралы шешім шығарды, деп хабарлайды AllBoxing.ru порталы.
"Федерацияның атын IBF деп қысқарту көпшілік үшін қатты таңсық болмауы керек. Өйткені, біздің федерацияны жанкүйерлер IBF деп атап та жүр", - дейді мұндай шешімге байланысты IBF президенті Дэрил Пиплс.
Әу баста бұл федерация 1977 жылы USBA атымен құрылған болатын. Бірақ ол кезде ұйым тек АҚШ жерінде ғана жұмыс істейтін аймақтық еді. 1983 жылы USBA президенті Боб Ли WBA кеңесінің президенттігіне үміткер болды. Бірақ сайлау кезінде жеңіліп тауып, ол USBA аясында бүкіләлемдік жаңа ұйым құру туралы шешім шығарады. Бірақ IBF әлемдік атаққа өткен ғасырдың соңғы жылдарында, Ларри Холмс WBC чемпиондық белбеуінен бас тартып, IBF белбеуін таңдаған кезде ғана қол жеткізеді.
Айта кетейік, қазіргі уақытта орта салмақта IBF чемпиондық атағы қазақстандық боксшы Геннадий Головкинге (37-0-1, 33 КО) тиесілі. Өткен жылдың мамыр айында федерация отандасымызға бокстағы керемет табыстары үшін арнайы марапаттаған болатын.

Жарнама