Профи-бокс
20 сәуір 2017 15:16
 
Хурцидзе Сондерспен жекпе-жек туралы және Головкин-Джейкобс кездесуі жайлы пікір бөлісті

  Пікірлер

blog.share

Хурцидзе Сондерспен жекпе-жек туралы және Головкин-Джейкобс кездесуі жайлы пікір бөлісті ©Showtime

Орта салмақта WBO рейтінгінде бірінші орында тұрған грузиялық боксшы Автандил Хурцидзе (32-2-2, 21 КО) британдық Билли Джо Сондерспен неге жекпе-жек өткізбегенін және Головкин-Джейкобс жекпе-жегіне қатысты төрешілер шешіміне баға берді, - деп хабарлайды vRINGe.com.

- 2016 жылы бір ғана жекпе-жек өткіздіңіз. Жақсы ұсыныстар болды ма, болса неге жұдырықтаспадыңыз? Билли Джо Сондерспен жұдырықтасуға келіссөздер өткізгеніңіз рас па?

- (Күлді). Шынын айтқанда, маған Сондерс пен командасының шешімі түсініксіз. Нақты айтсам, шешімді қай жерімен қабылдағанын түсінбедім.

- Головкин-Джейкобс жекпе-жегінде кімге жанкүйер болдыңыз? Төрешілер шешімімен келісесіз бе?

- Саған шынын айтайын, мен әрқашан Головкин үшін тақым қысып отыратынмын. Бірақ бұл жолы емес, Джейкобс менің досым, бізді 3 жыл бір бапкер баптап келеді. Сергей Деревянченкомен бірге Джейкобстың дайындығына көмектестік. Джейкобс жекпе-жек кезінде құлап қалмауын тіледім, жеңбесе де, 12 рауын шыдауын қаладым. Америкада көпшілік Джейкобс жеңді деп есептейді. Мен төрешілер шешімімен келісемін. Джейкобс жеңбеді - чемпионды жеңу үшін анық басымдық керек. Әйтпесе даулы раундтардың бәрі чемпионның есебіне жазылады. 

Еске салайық, Хурцидзе Сондерске міндетті қарсылас болған. Бірақ Сондерс бұл жекпе-жектен тайқыды. Көпшілік мұны Головкинмен маусым айындағы жекпе-жекке дайындалу үшін жасалғанын айтқан. алайда соңғы мәліметтер бойынша, Головкин Сондерспен жұдырықтаспайды

Жарнама

Живи спортом!