Аңызға айналған мексикалық боксшы Хулио Сезар Чавес WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша орта салмақта әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкинге (37-0, 33 КО) мексикалық Сауль "Канело" Альвареспен (49-1-1, 34 КО) жекпе-жегінің қарсаңында қолдау білдірді, - деп хабарлайды Vesti.kz.
Чавес Instagram желісіндегі аккаунтында "Геннадий GGG Головкин - халық чемпионы" деген жазуы бар жейденің суретін салып, 16 қыркүйекте Лас-Вегаста өтетін жекпе-жекке келуге уәде берді.
"Головкинге бұл сыйлығы үшін алғыс айтамын. 16 қыркүйекте Лас-Вегаста көріскенше", - деп жазды ол #mexicanstyle хештегін қоя отырып.
Ал өз кезегінде Головкин даңқты боксшыға қолдау білдіргені үшін алғыс айтты. "Мексикалық стиль! Чавеске респект!", - деп жазды қазақстандық твиттердегі парақшасында.
Еске салайық, Головкин - Альварес жекпе-жегі 16 қыркүйекте Лас-Вегаста 20 мың адамдық T-Mobile аренасында өтеді. Бокс кешіне барлық билет сатылып қойды.

MEXICAN STYLE! #respect jcchavez115's photo https://t.co/xUbUkH3xCy
— Gennady Golovkin (@GGGBoxing) 15 августа 2017 г.

Жарнама