Профи-бокс
6 қазан 2017 16:59
 
HBO арнасының сарапшысы Жақиянов - Барнетт кездесуіне болжам жасады

  Пікірлер

blog.share

HBO арнасының сарапшысы Жақиянов - Барнетт кездесуіне болжам жасады

HBO, ESPN, FOX және Showtime арналарында жұмыс істейтін америкалық спорт комментаторы және бокс маманы Боб Шеридан жеңіл салмақта IBF тұжырымы бойынша әлем чемпионы британиялық Райан Барнетт (17-0, 9 КО) пен WBA (Super) белбеуінің иегері қазақстандық боксшы Жанат Жақиянов 27-1, 18 КО) арасындағы кездесуден не күтетінін айтып берді, деп жазады Vesti.kz порталы. 

"Жақиянов пен Барнеттің кездесуін НВО арнасы көрсетеді. Демек бұл кездесуді АҚШ-тағы бокс жанкүйерлері де көре алады деген сөз. Бұл кездесуде Жақияновты қиын қарсылас күтіп тұр. Тіпті оның соңғы қарсыласы Уорреннен де мықты боксшы. Жанаттың жан-жақты боксшы екенін білемін. Ол өзінің соңғы кездесуінде мұны көрсетіп, көпшіліктің назарын өзіне аудара білді. Дегенмен де алдағы кездесуде оны көпшілік аутсайдер санап отыр. Маған да Жақияновтың Барнеттке қарсы қандай айла қолданатыны қызық болып тұр. Барнетт жас әрі техникасы толысқан боксшы. Жақиянов болса өте тәжірибелі боксшы. Сондықтан да бізді керемет кездесу күтіп тұр деп сенемін. Менің ойымша, бұл кездесуде екі боксшының жеңіске жету мүмкіндігі тең" -, дейді Шеридан. 

Айта кетейік, Жақиянов пен Барнетт арасындағы кездесу 21 қазан күні Солтүстік Ирландияның Белфест қаласындағы SSE Arena спорт кешенінде өтеді.

АҚШ жерінде бұл кездесуді НВО арнасы көрсетеді. Бұл жекпе-жекті Қазақстан арналарының бірі де көрермен назарына ұсынады. Бокс кеші 21 қазан күні 00:30-да басталады. Кештің басты жекпе-жегінде жұдырықтасатын Жақиянов пен Барнеттің шаршы алаңға қай уақытта шығатынын мына жерден көре аласыздар. 

Жарнама

Живи спортом!