Жеңіл салмақта UFC ұйымының бұрынғы чемпионы Хабиб Нурмагомедов қазақстандық боксшы Геннадий Головкинге (42-1-1, 37 КО) мексикалық Сауль "Канело" Альвареспен (57-2-2, 39 КО) болатын үшінші кездесу алдында сәттілік тіледі, деп жазады Vesti.kz тілшісі.
Трилогия 17 қыркүйек күні Лас-Вегас (АҚШ) қаласында өтеді.
"Сәттілік саған, Гена! Жанкүйерлерің үшін жеңіске жет!", - деп жазды Хабиб әлеуметтік желісінде.
Еске салайық, Головкин мен "Канело" екі рет те осы Лас-Вегас қаласында кездесті. 2017 жылы жекпе-жек тең аяқталса, 2018 жылы төрешілер шешімімен Альварес жеңіске жетті.