Профи-бокс
2 мамыр 2017 14:43
 
"Хабар" арнасы "Канело" мен Чавес жекпе-жегін көрсетеді

  Пікірлер

blog.share

"Хабар" арнасы "Канело" мен Чавес жекпе-жегін көрсетеді ©boxingscene.com

"Хабар" арнасы бірінші орта салмақтағы WBO тұжырымының чемпионы мексикалық Сауль "Канело" Альварес пен оның отандасы кіші Хулио Сезар Чавес арасындағы кездесуді көрсетеді. Бұл туралы телеарнаның продюссері Асхат Жақаев Vesti.kz тілшісіне айтып берді. 

"Біз бұл кездесуді көрсетеміз. Бірақ 7 мамыр - Отан қорғаушылар күні. Мереке болғандықтан біз бұл кездесуді тек 8 мамыр күні кеші сағат 23:00-де көрсетеміз. Бұл жекпе-жектің қызық өтетініне күмәнім жоқ. Оның үстіне жекпе-жекте Головкиннің болашақ қарсыластарының бірі жұдырықтасады. Тіпті қайталап көрсетудің өзінде жекпе-жекті көп адам тамашалайды деп ойлаймын", - дейді ол. 

Бұған дейін аталған жекпе-жекке Головкиннің бармайтынын белгілі болған еді. 

Еске салайық, Головкин мен Альварес биыл жекпе-жек өткіздуді жоспарлап отыр. Бұл жекпе-жек қыркүйек айында өтуі мүмкін. Бірақ келісімшарт әлі жасалмаған. Ал "Канело" мен Чавес арасындағы жекпе-жек 6 мамыр күні Лас-Вегаста өтеді.

Жарнама

Живи спортом!